Жапонияның солтүстігінде қарлы боран 4000 үйді жарықсыз қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның Хоккайдо аралында екі тәулік бойы соққан қарлы боранға байланысты электр энергиясы зақымданып, 4000 үй жарықсыз қалды, деп хабарлады ТАСС.

Жапонияның солтүстігінде қарлы боран 4000 үйді жарықсыз қалдырды

Мұнда қазыр жел екпіні кей жерлерде секундына 40 метрге дейін жетіп отыр. Осыған байланысты апатты жою қызметі кей жерлерге жете алмады.
Сонымен қатар, осымен екінші тәулік Хоккайдо аралының әкімшілік орталығы Саппородағы Син-Титосэ әуежайы қызметі тоқтап, 90-нан астам әуе рейсі ұшпай қалды.