Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 30 наурызда Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,0 болатын тағы бір жер сілкінісі болды, деп хабарлайды АҚШ Геологиялық қызметіне сілтеме жасаған Газета.Ru.

Жапонияның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болды

Жергілікті уақыт бойынша (Мәскеу уақыты бойынша 09.29. сағат) сағат 14.29 кезінде болған жерасты дүмпулерінің эпицентрі Иваки қаласынан оңтүстік-шығыста 172 километр жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 30,3 километр тереңдікте болды.