Жапонияның солтүстік-шығысында жаңа жер сілкінісі болды

АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні «Фукусима-1» апатты АЭС орналасқан Жапонияның Фукусима префектурасының шығысында 6,6 магнитудалы жер сілкінісі болды,

Жапонияның солтүстік-шығысында жаңа жер сілкінісі болды

деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметі.

Утро.ру хабарлап отырғандай, жергілікті уақыт бойынша cағат 16.18-де тіркелген жерасты дүмпулерінің ошағы Фукусима қаласынан шығыс жақта 312 шақырым жерде және Токионың солтүстік-шығысында 415 шақырым жерде білінді. Жер сілкінісінің ошағы 26,5 шақырым тереңдікте болды. Әзірше цунами туындайды деген қауіп жоқ.