Жапонияның танымал актері Кен Такакура қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның белгілі кино актері Кен Такакура 83 жасында қаза тапты. Ридли Скоттың «Қара жаңбыр» (1989) фильміндегі полицей рөлі оның даңқын асырған болатын, деп хабарлады ВВС.

Жапонияның танымал актері Кен Такакура қаза тапты

50 жыл бойы Такакура Жапония кино әлемінің жұлдызы болған. Соңғы кездері актер лимфома дертінен емделіп жүргені БАҚ-та жазылған болатын.