Жапонияның Үкімет басшысы министрлердің тең жартысынан құтылды
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Жапондық премьер-министр Йосихико Нода министрлердің тең жартысын ауыстырды, ол осылайша парламенттік сайлау қарсаңында кабинеттің танымалдылығын арттырмақ.
Үкіметтің отставкаға кететіндігі туралы әңгіме жоқ, дегенмен, ауқымды қайта құрылымдау жүріп жатыр, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг NHK телеарнасына сілтеме жасап.
8 адам өздерінің қызметтерінде қалды, оның ішінде сыртқы істер министрі Коичиро Гембу және сауда және өндіріс министрі Юкио Эдано бар.
Үкіметтің бұрынғы басшысы Макико Танака білім министрі қызметіне шақырылса, ал бұрынғы полиция басшысы Сейдзи Маэхара ішкі істер министрлігінің тізгінін ұстады.
Сарапшылар елдегі басқарушы Демократиялық партиясының мүшесі Корика Дзедзиманың қаржы министрі болып тағайындалуын басты қадамдардың бірі деп санайды.
Үкіметтің қайта жасақталуы алдағы таяу күндері аяқталады деп күтілуде.