Жапонияның Йемендегі елшілігі жұмысын тоқтатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Йемен астанасы Санадағы өз елшілігін жауып дипломатиялық өкілдік қызметін тоқтатты, деп хабарлады ТАСС Жапонияның СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жапонияның Йемендегі елшілігі жұмысын тоқтатты

Ақпарат көзінің хабарлауынша, аталған елдегі жапон елшісі Кацуёси Хаяси мен төрт дипломат Йеменнен кетіп, жұмысын Катар астанасы Дохада жалғастыратын болды. Қазіргі уақытта Йеменде шиға бүлікшілері ел президентінің биліктен кетуін талап етіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында: Сауд Арабиясы, БАӘ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Нидерланды және АҚШ Йеменде дипломатиялық өкілдіктерін уақытша жапты. Тек, РФ СІМ Санадағы Ресей елшілігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдағанын мәлімдеді.