Жапонияның жағалауында тағы бір күшті жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Жапонияның солтүстік-шығысында 5,0 магнитудалы жаңа жер сілкінісі болды.
АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,2 балды құрады. Жапонияның ұлттық метеорологиялық басқармасы алдын ала магнитуданы 5,8 деп бағалап отыр.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 10.08-де (Мәскеу уақыты бойынша сағат 05.08-де) тіркелген жер сілкінісінің ошағы Токиодан 160 шақырымдағы Фукусима префектурасының Иваки қаласынан 29 шақырым жерде болды.
"Күшті жерасты дүмпулері астанада да сезілді", - деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Кеше таңертең Хонсю аралының жанында магнитудасы шамамен 5,0 болатын жер сілкінісі тіркелді.