Жапонияның жаңа Премьері апатты «Фукусима-1» АЭС-на алғаш рет келді

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жапонияның жаңа Премьер-министрі Есихико Нода «Фукусима-1» АЭС-нан 20 шақырым қашықтықта орналасқан стансадағы апатты жоюшылардың лагеріне келді,

Жапонияның жаңа Премьері апатты «Фукусима-1» АЭС-на алғаш рет келді

деп хабарлайды Euronews.

Нода қызметіне кірісе салысымен ертерек елді қайта өркендету және 11 наурыздағы зілзала зардаптарын жою жаңа Үкіметтің басты міндеті болатынын мәлімдеді.

Үкімет басшысы ескі АЭС-тардың жұмысын тоқтатып, жабуға ниетті екенін білдірді.

Қазіргі таңда апатты «Фукусима-1» АЭС-дағы жұмыстар жоспардағыдай жүріп жатыр. Апатты жоюшылар реакторларды суытып тоқтатуды алдағы жылдың қаңтарына қарай аяқтауға үміт артып отыр.