Жаппай диктантқа қатысатындарды тіркеу басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Жаппай диктанттың мәтінін белгілі шоумен Мұрат Мұтырғанов пен телерадио жүргізушісі Диана Снегина оқитын болады.

Жаппай диктантқа қатысатындарды тіркеу басталды

Бүгін Алматыда осыған байланысты өткен баспасөз мәслихатында жобаның үйлестірушісі Данияр Бексұлтан totaldict.ru сайтында қытсушыларды тіркеудің басталғанын хабарлады. 

«Тіркеу деректерінің көмегімен осы сайттан өз бағаңды білуге болады. Алматыда диктант екі университеттің алаңқайында өткізіледі. Бұл шара қаламызда осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы оған 100 адам қатысты. Сонда тек екі адам ғана «үздік» деген баға алды», - деді Д. Бексұлтан.   

Ол сонымен қатар, бұл білім акциясына кез-келген адам құпия түрде және тегін қатыса алатындығын жеткізді. Жобаны қолға алудағы басты мақсат - тұрғындар арасында сауаттылықты дамыту. Биыл бұл интеллектуалдық флешмоб Қазақстанның 10 қаласында өткізіледі. 

«Диктанттың мәтінін қазіргі жазушылардың бірі дайындап жатыр. Тексеру үш кезеңде жүргізіледі, алдымен волонтерлар тобы, кейін филологтар кеңесі тексереді. Мәтін күрделі, «бес» деген баға алу өте қиын», - деді филологтардың сараптық кеңесінің мүшесі Евгения Слагдинова.

Айта кетелік, Жаппай диктант үстіміздегі жылы 16 сәуірде әлемнің көптеген елдерінде ұйымдастырылады.