Жаппай тәртіпсіздік: Төтенше жағдайдың 10 қызметкері түрлі жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН. қазАқпарат - Қызметтік міндеттерін атқару кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінгің 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаппай тәртіпсіздік: Төтенше жағдайдың 10 қызметкері түрлі жарақат алған

Министр мемлекеттік мекемелер мен бизнес-субъектілер ғимараттарының кең көлемде өртенуіне заңға қарсы әрекеттер себеп болғанын жеткізді.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде ТЖМ-ның 10 қызметкері түрлі жарақат алған, соның ішінде бір қызметкерге оқ тиіп жараланған. Шабуылдардың салдарынан өрт және құтқару қызметінің 29 техникасы зақымданған, оның ішінде 5 автоцистерна толығымен өртеніп кеткен.