08:14, 14 Шілде 2009 | GMT +5
Жаппай тәртіпсіздіктен кейін Үрімшіде құжаттарды тексерудің күшейтілген режимі енгізілді
БЕЙЖІҢ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Шілденің 5-інде жаппай тәртіпсіздік орын алған Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы - Үрімші қаласында көшелерде құжаттарды тексерудің күшейтілген режимі енгізілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Жергілікті өкіметтің нұсқауына сәйкес, қала тұрғындары мен қонақтары өздерімен бірге тұлғаларын куәландыратын құжаттарын алып жүрулері тиіс. Үрімші полициясы құжаты жоқ кез-келген адамды ұстау құқығына ие болып отыр. Қала тұрғындарына сондай-ақ, өздерімен бірге немесе көліктерінде пышақ, шоқпар сияқты қауіпті заттарды алып жүруге қатаң тыйым салынады, делінген қоғамдық қауіпсіздіктің жергілікті басқармасы жасаған мәлімдемеде. ҚазАқпарат бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.