Жаппай улану жағдайынан соң Гамбург әуежайында жұмыс қайта жанданды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Немістердің Гамбург қаласындағы Гельмут Шмидт атындағы әуежайы белгісіз заттан улану жағдайынан соң жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлайды Риа Новости жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Осыған дейін әуежай ғимаратының онда келушілер үшін ашық екені хабарланған болатын.
«Гамбург әуежайында әуе қатынасы қалпына келді»,-делінген полицияның тивттердегі хабарламасында.
Гамбург әуежайында белгісіз заттың тарауына байланысты жексенбі күні 52-ден кем емес адам уланды. Жүздеген адам шұғыл түрде әуежай ғимаратын тастап шығуға мәжбүр болды.
Әуежайға келушілер тыныс алу жолдарының ауырғандығына шағымданды.
Өрт қызметі өкілінің осыған дейін хабарлауынша, әуежайға белгісіз зат ауа баптағыш құрылғыларының істен шығуына байланысты тарауы мүмкін.