«Жарасым дәрістері» фильмі Франция көрермендеріне ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері»  фильмі 26 наурыздан бастап Франция кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
None
None

 Бұл туралы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

 Айта кетерлігі, бұл туынды өткен жылдың 26 қыркүйегінде Австрия, 6 наурызда Португалия кинотеатрларында көрсетілген еді. 

 Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ шығарған режиссер Эмир Байғазиннің «Жарасым дәрістері» фильмі Базель қаласында мамырдың 29-ы мен маусымның 2-і аралығында өткен «Bildrausch Film Fest Basel» атты Халықаралық кинофестивалінде үздік деп танылып, фильмнің аты мен жас режиссердің есімі жазылған  сақинамен марапатталды. Аталған кинотуынды өткен жылдың басында қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет Халықаралық Берлин кинофестивалінің негізгі байқауына іріктеліп алынып, «Күміс аю» жүлдесіне және немістің ірі «Morgen Post» газеті тағайындаған арнайы сыйлыққа қол жеткізген.  Сондай-ақ,  «Жарасым дәрістері» фильмі Нью-Йорк қаласында өткен Трайбека фестивалінде «Ең үздік режиссерлік дебют» атты  арнайы дипломмен марапатталды.

Жалпы, «Жарасым дәрістері» туындысы 50-ден астам кинофестивальге қатысып, 25-тен астам жүлдеге ие болған.

Соңғы жаңалықтар