«Жаратылыстану негіздері» атты жаңа оқу құралы жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жаратылыстану негіздері» атты жаңа оқу құралы жарық көрді. Кітап авторы - ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Жақсыбай Төлеубаев.

«Жаратылыстану негіздері»  атты жаңа оқу құралы жарық көрді

Аталған жоғары оқу орнының баспасөз қызметінің таратқан мәлімдесі бойынша, оқу құралы «Жаратылыстану негіздері» курсының типтік бағдарламасына сәйкес, жоғары оқу орындарының «География» мамандығында оқитын білімгерлерге арналған.

Кітап 12 тараудан тұрады. Онда Жаратылыстану ғылымының зерттеу әдістері, даму кезеңдері, ғылыми төңкерістер және салалары жан-жақты қамтылған. Сондай-ақ, студенттерге арналған тест сұрақтары да қоса беріліп отыр.

«Жаратылыстану негіздері пәнінің де басты мақсаты, тек жаңа білімге ие болу ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік жаратылыстану ғылымында қоршаған орта туралы қалыптасқан ғылым мен түсініктердің, рационалды ойлау қабілетін қалыптастыру болып табылады. Қоршаған дүниеге, жалпы мәдениетке деген концептуалды көзқарастар, жалпы мәдениетке және білгірлікке алып келеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл оқулықтың ізденушілерге берер пайдасы мол деп білеміз», - дейді кітап авторы.