Жаратылысы ерекше Айжан Сұлтанова Х-фактор жобасының келесі кезеңіне өтті - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұратын 21 жастағы Айжан Сұлтанова Украинаның Х-Фактор жобасына қатысып, негізгі кезеңіне өтті. Әділ қазылар алқасының үшеуі Айжанның талантына ғана емес, тағдыр сынағына бой бермеген батылдығына да тәнті болып, дауыс берді.

Жаратылысы ерекше Айжан Сұлтанова Х-фактор жобасының келесі кезеңіне өтті - ВИДЕО

«Түсінесіздер ме, адам өз тәніне өзі үйренеді, өйткені, ол солай жаратылған және ол басқа тәннің қандай болатынын білмейді. Мен 7-8 жасыма дейін басқалалардан өзгешелеу екенімді білмегенмін де...Бірақ, бір де бір дәрігер не себепті осылай болғанын айта алған жоқ», - дейді Айжан шоу алдындағы сұхбатында.

Айжанның жасы 21-де, бойы - 1,21 м. «Шамам келген дүниелерді өзім жасаймын. Анам маған: «өте қырсықсың, айтқаныңнан қайтпайсың, бір мәселелерде өте қаттысың», - дейді. Бірақ, егер мен осындай өжет мінезді болмасам, мені таптап кетер еді...Адам арманына жетеді, тек, ерік-жігері мықты болу керек», - дейді Айжан.