Жарда селфи жасамақ болған сингапурлық қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур азаматы Индонезияда жарда тұрып селфи жасамақ болған кезінде мұхитқа құлап, қаза тапты, деп хабарлады Утро.ру индонезиялық Jakarta Post басылымына сілтеме жасап

Жарда селфи жасамақ болған сингапурлық  қаза тапты

Оқиға Балидің оңтүстік-шығысындағы Нуса-Лембонган аралында орын алды. Достарымен демалысқа келген 21 жастағы Мохамед Aслам бин Шахул аралдың тік жарында селфи жасамақ болған. Оны толқын соғып, тепе-теңдікті сақтай алмай қалған жігіт мұхитқа құлаған.

"Тепе-теңдікті ұстай алмай, аяғы тайып, мұхитқа құлады. Ол жүзу білмеді деген болжам бар", - деді жергілікті полиция өкілі.

Жігіттің мүрдесі бес метр тереңдіктен табылды. Оны госпитальге жеткізді, медицина қызметкерлері оның денесі жансыз екенін мәлімдеді.