Жарқайың ауданында 7 дәрігер баспаналы болды

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облысына қарасты Жарқайың ауданына Қарағанды мен Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарын тамамдап келген жеті дәрігердің екеуі ауылдық, қалғаны аудандық ауруханаларға жұмысқа қабылданып, жайлы баспанамен қамтамасыз етілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шалғай ауданда білікті маман тапшылығын болдырмау мақсатында арнайы бағдарлама қабылданған. Соған сәйкес жыл сайын жергілікті мектеп бітірушілер оқу орындарына жіберіліп, бітіріп келгеннен кейін тиісті қамқорлыққа алынып, жағдайы жасалады. Мемлекеттік әлеуметтік үстеме ақы төленеді. Ағымдағы жылы дәрігерлікті қалаған бес баланың оқу ақысын «Костичев», «Дихан-4», «Жарқайың», «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өз мойындарына алып отыр. Өткен жылы 4 бала осындай қаржылай қамқорлыққа алынса, келер жылы олардың қатарына тағы 6 жеткіншек қосылмақ.

 Қазіргі кезде салынып жатқан 75 пәтерлі жайлы үйден жас мамандарға 6 пәтер қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар