Жаркенттегі әкімдік резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қанат Бозымбаев Жаркент қаласындағы әкімдік резиденциясын балаларды оңалту орталығы жасауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаркенттегі әкімдік резиденциясы балаларды оңалту орталығына айналады

Панфилов ауданы тұрғындарымен кездесу өткізген Қанат Бозымбаев, «сөз реті келгенде айта кетейін, осы Жаркент қаласында облыс әкімінің резиденциясы тұр. Жерінің көлемі 1 гектар. Резиденцияны балаларды оңалту орталығына өткізіп беремін. Бұл баласының өмір сүруі үшін әр сәтін күреспен өткізіп жатқан, ерекше балаларды бағып-қағып отырған ата-анаға өте керекті орталық болады деп ойлаймын», - деді.

Жалпы Жаркенттегі облыс әкімінің резиденциясы 2013 жылы салынған. Бір қабатты ғимараттың көлемі 910 шаршы метр. Жер аумағы 1 га.