«Жарқыра, жайна, Астана!» атты мүшәйра жеңімпаздарына марапат Конгресс-Холлда тапсырылады
АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - Шілденің алғашқы күні Конгресс-Холл сарайында (сағат 19-00) «Жарқыра, жайна, Астана!» атты мүшәйрада жеңіп шыққандарға марапат тапсырылады.
Айта кету керек аталған республикалық жыр мүшәйрасын Астана әкімдігінің қолдауымен Сәкен Сейфуллин мұражайы және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы ұйымдастырған. Бұл шара елорданың 15 жылдық мерейтойына арналды.
Осы жыр бәйгесінде бақ сынауға еліміздің әр өңірінен және шетелдегі қандастарымыздан да Астананы жырлаған өлең-толғаулары келіп түскен. 70-ке жуық ақындар қатысқан мүшәйрада танымал ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы бас жүлдені жеңіп алған болатын. Қазылар алқасы оның «Астана - Дастан» атты өлеңдер циклін теңдессіңз туынды деп таныған.
Бұл мүшәйрада бірінші, екінші және үшінші, сондай-ақ ынталандыру сыйлықтарына ие болғандар да 1 шілде күні елорда төрінде марапатталмақ.