Жарна төлеу тәртібі алынып тасталған соң елімізде адвокаттар саны 5 мыңға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адвокат мамандығына қол жеткізу жұмысын қиындатқан адвокаттар алқасына кіру жарналары жойылған болатын. Бұл өзгерістің арқасында елімізде тек жарты жыл ішінде адвокаттардың саны шамамен 400-ге артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Әділет минисрлігінің алқа отырысында Әділет министрінің орынбасары Жанат Ешмағамбетов баяндама жасады. Өз баяндамасында вице-министр кешенді адвокаттық қызмет көрсету және құқықтық көмек көрсету жүйесін жетілдіру бойынша 2018 жылы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң қабылданғанын еске салды.

«Адвокат мамандығына қол жеткізу жұмысын қиындатқан адвокаттар алқасына кіру жарнасы жойылды. Мәселен, соңғы төрт жылдың ішінде адвокаттық қоғамдастық мүшелерінің саны кемінде 300 адамға ғана артқан еді. Ал заң қабылданған сәттен бастап тек жарты жыл ішінде олардың саны шамамен 400-ге көбейіп, қазіргі уақытта адвокаттардың саны 5 100 адамға жетті», - деді вице-министр.

Жанат Ешмағамбетов өз баяндамасында атап өткендей, алқа басшылығына адвокаттардың негізсіз тәуелділігін туғызып отырған адвокаттық ордерлер таратылған.

Бүгінде адвокаттың өкілеттіктері бойынша өз бетінше нақты істі жүргізу үшін куәлігімен расталады және қорғау туралы (өкілдік) жазбаша хабарламамен расталады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өткен жылдың шілде айында қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар