10:22, 24 Маусым 2016 | GMT +5
Жарнамалық тур бойынша Геннадий Головкин Мексикаға барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин «Zanfer» компаниясының шақыртуымен шілдеде Мексикаға барады.

ESPN Deportes ақпаратында бұл сапар арқылы Мексикада Геннадийдің абыройын асырып, жанкүйер санын арттыру көзделгені айтылған, деп хабарлады sports.kz.
«Головкиннің айқасын тікелей эфирден көрсетуге құқығы бар TV Azteca тележелісімен байланысы бар Zanfer компаниясы қазақстандықтың Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегінің рейтингін ұлғайтуды мақсат тұтып отыр», делінген хабарламада.