«Жартасты қала - Астана» полигонында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер құтқару бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтуде

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің халықаралық базалық полигоны мәртебесі берілген Алматы облысындағы ҚР ТЖМ «Жартасты қала - Астана» оқу-жаттығу полигонында
None
None

31 мамыр - 1 маусым аралығында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқару бөлімшелерінің оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Оқу-жаттығу тақырыбы - «Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жер сілкінісі салдарын жою кезіндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құтқару іс-әрекеттері». Бірлескен оқу-жаттығуға ҰҚШҰ басшылығы және ҰҚШҰ Хатшылығының қызметкерлері, ҰҚШҰ-ға мүше 5 мемлекеттің (Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы) жедел топтары мен құтқару бөлімшелері қатысуда. Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҮ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары Қазақстан Республикасының Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жер сілкінісінің ықтимал салдарын жою кезіндегі бірлескен іс-әрекеттерді пысықтады, қиратушы жер сілкінісі салдарын жою кезінде құтқару операцияларын жүргізу тәжірибесімен және дағдыларымен алмасты.

Оқу-жаттығу орнында Төтенше жағдайлар салдарын жою штабы, төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық республикалық комиссиясы жұмыс істеді. Төтенше жағдайлар, білім және ғылым, мәдениет және ақпарат, ішкі істер, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация, индустрия және жаңа технологиялар, өңірлік даму, ауыл шаруашылығы, мұнай және газ министрліктері мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-әрекеті пысықталды.
Дала лагерлері, халықты жинау пункті және жылжымалы тамақтану, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтау пункті, жөндеу қалпына келтіру топтары мен жанар-жағармай құю стансалары орнатылды. Адамдарды көшіру, медициналық және психологиялық көмек көрсету, профилактикалық, санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Құтқарушылар биік ғимараттар мен таулы жерлерде, үйінділерде, қираған өнеркәсіп ғимараттарында, өрт сөндіру кезінде, жоғары вольтті электр беру желілерінде, химиялық қауіпті нысандардағы апаттар кезінде, теміржол және әуе көліктерінде, жол-көлік оқиғалары кезінде, метрополитен желілерінде құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша өздерінің дағдыларын жетілдірді.
Сондай-ақ бірлескен оқу-жаттығу шеңберінде «Ірі ауқымды төтенше жағдайларды (жер сілкінісі, су басу, батып кеткен кемелерді көтеру, әуе кемелерінің апаты және т.б.) жою кезінде құтқару жұмысын жүргізу, сондай-ақ құтқару жабдықтарының, құралдарының және арнайы техниканың жаңа технологиялары мен үлгілерін пайдалану бойынша тәжірибе алмасу» тақырыбында конференция өтті.

Соңғы жаңалықтар