Жарты миллионнан астам адам қажылыққа келді

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - Қажылық парызын өтеу үшін Сауд Арабиясына осы уақытқа дейін 600 мыңдай адам келіп үлгерді, деп жазады muslim.kz.

Жарты миллионнан астам адам қажылыққа келді

Сауд Арабиясының Қажылық істері жөніндегі министрліктің статс-хатшысы Хаттем Қазы хабарлағандай, қажыларға қызмет көрсету үшін 40 мыңдай адам жұмылдырылған. Ханзада Мұхаммед ибн бин Әбді Азиз атындағы әуежай жұма күні қажылар мінген 96-дан аса рейсті қабылдаған. Ал Жиддадағы әуежай күн сайын 100-ден аса рейсті қабылдайтын көрінеді.

Үстіміздегі жылы қажылық парызын өтейтіндердің қатары жылдағыдан аз болуы мүмкін. Оған себеп, Саудиялықтар қажылық квота көлемін өз отандастарына 50, ал шетелдіктерге 20 пайызға кеміткен еді.