Жарты миллионнан астам жасөспірім «Pfizer»-дің І дозасымен егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел өңірлерінде жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды «Pfizer» вакцинасымен егу жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарты миллионнан астам жасөспірім «Pfizer»-дің І дозасымен егілді

29 қаңтардағы мәліметке сәйкес, аталған препараттың І дозасын – 624 373 адам, ІІ дозасын 327 717 адам салдырды.

Оның ішінде,

І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 509 227

- жүкті әйелдер – 25 656,

- бала емізетін әйелдер – 80 038.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 266 763,

- жүкті әйелдер – 15 804,

- бала емізетін әйелдер – 45 143.