Жарты жылда Астананың 2 мыңға жуық медицина қызметкері елімізде және шетелде біліктіліктерін арттырды

АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықта Астана қаласының медициналық ұйымдарының 1928 қызметкері еліміздің және шет елдердің ғылыми орталықтарында біліктіліктерін арттырып, алғашқы сынақтан өтті.
None
None

Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті.

Курстар елімізде «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілді.

Медицина қызметкерлері алты ай бойы Ресей, Финляндия, Оңтүстік Корея, Беларусь, Түркия, Италия, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Украина, Израиль, Австрия және Швейцарияның жалпы тәжірибесін үйренді.

Жекелеген мамандықтармен қамтамасыз етуді шешу мақсатында алғашқы мамандықтар курсында онкология, кардиология, бактериология және патология анатомиясы бойынша 79 дәрігер дайындалды.

Сонымен қатар, медицина ұйымдарының қызметкерлері 4 шеберлік дәрісіне, 5 семинарға, Қазақстан, Ресей, Германия, Үндістан, Финляндияның жетекші мамандары өткізген 1 көшпелі циклға қатысты.

«Алғашқы көмек пен отбасылық медицина бойынша шетелдік тәжірибені оқып-үйрену үшін және дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жұмыстарын дамытып, жетілдіру, жалпы медбикелік тәжірибе жинау мақсатында елорданың емханаларынан 16 қызметкер Финляндияға жіберілді»,- делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, негізінен балалар, жасөспірімдер мен жастар денсаулығына, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жете көңіл бөлінді. Алдағы уақытта жасөспірімдер медицинасы, психологиясы мен әлеуметтік жұмыстары бойынша жаттықтырушы-оқытушы болып жұмыс істейтін Жастар денсаулығы орталығының 13 қызметкері Санкт-Петербор қаласына оқуға жіберілді.

«Бұдан бөлек, медициналық әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қоғамдағы түрлі топтар мен мүгедектердің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу үшін медицина қызметкерелері «Демеу» отбасылық медицина оқу-тәжірибе орталығы базасында семинардан өтті. Медицина қадрларының біліктілік деңгейлерін көтеріп, үнемі дайындықтан өткізу халықты сапалы да қолжетімді медициналық қызметпен қамтудың тұрақты кепілі болып табылады, - деп атап көрсетеді басқармадан.

Соңғы жаңалықтар