Жарты жылда елдегі криминогендік ахуал қалай өзгерді – Бас прокуратура
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бас прокуратураның ресми сайтында 2023 жылдың 6 айындағы криминогендік ахуал туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биылғы 6 айда елдегі қылмыс деңгейі 17% төмендеген. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық департаменттері қабылдаған қадағалау шаралары елдегі криминогендік ахуалдың шынайы көрінісін қамтамасыз етті. Нәтижесінде бірінші жартыжылдықта қоғамдық орындарда жасалған қылмыс саны 4,8% (21226-дан 20198-ге дейін), төмендеген. Оның ішінде көшедегі қылмыс 9,4%, (9575-тен 8675-ке дейін) азайды», - деп жазылған Бес прокуратураның ресми сайтында.
Сондай-ақ, комитет мамандары ішімдік пен ескірткіге елітіп заң бұзған 1000-нан астам адамды, бұрын да қылмыс жасаған 4,5 мың адамды есепке қойған.