Жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты Орал қаласындағы мектептен 600 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты Орал қаласындағы мектептердің бірінен 600 оқушы қауіпсіз жерге шығарылды,

Жарылғыш зат қойылды деген ақпаратқа байланысты Орал қаласындағы мектептен 600 оқушы қауіпсіз жерге көшірілді

деп хабарлады ҚР ТЖМ-нан.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес кеше, наурыздың 9-ы күні сағат 15.10-да «102» нөміріне Құрылысшы көшесінде орналасқан №9 орта мектепке жарылғыш заттың қойылғандығы туралы хабар келіп түскен. Алынған ақпаратқа байланысты 600 оқушы дереу ғимараттан шығарылған, алайда жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.