Жарылғыш зат қойылды деген хабарға сәйкес Астанадағы «Думан» қонақүйінен 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді
АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Жарылғыш зат қойылды деген хабарға сәйкес Астанадағы қонақүйлердің бірінен 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.
Хабарланғандай, 7 қазан күні кешкі сағат 19.55-те Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне Қорғалжын тас жолы, 2 «А» мекен-жайында орналасқан «Думан» қонақүйіне жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен. Оқиға орнына дереу жеткен ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның жеке құрамдағы 25 адамы мен 4 техника арнайы іс-шаралар жүргізіп, нәтижесінде жарылғыш затты таппады.Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.