Жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарға сәйкес Астанадағы колледждердің бірінен 815 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 15 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабарға сәйкес Астанадағы Көлік және коммуникация колледжінен 815 адам, соның ішінде 750 студент қауіпсіз жерге көшірілді.

Жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарға сәйкес Астанадағы колледждердің бірінен 815 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 14 желтоқсан күні 16 сағат 32 минутта Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне, Сарыарқа ауданы Конституция көшесінде орналасқан аталмыш колледжге жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар келіп түскен.

Төтенше жағдайды жоюға дереу ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД-ның шұғыл әрекет ету қызметінің 16 адамы мен 2 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦРАОСО» Мемлекеттік мекемесінің 5 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ «Апатты медицина орталығы» мекемесінің 3 адамы мен 1 техникасы жөнелтілді.

Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында жарылғыш зат табылмады.