Жарылыс болған пойыз машинисі марапатқа ұсынылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс болған петербургтік метро пойызының машинисі марапатқа ұсынылады, деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
- Машинист пойыздағы оқыс жағдайда абдырап қалған жоқ, нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіп, құрамды платформаға дейін сүйреп әкелді, - деп атап өтті баспасөз қызметі.
ТАСС мәліметтеріне сүйенсек, машинист Александр 51 жаста,метрополитенде 15 жылдан бері жұмыс істейді. Әзірге метрополитен басшылығы оның қандай наградаға ұсынылатынын шешкен жоқ.