Жарылыс қаупіне байланысты Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Hindustan Times газетіне сілтеме жасап.

Жарылыс қаупіне байланысты Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Басылымның жазуынша, жергілікті полицияға белгісіз ер адам хабарласып, көрнекті жерге мина қойылғаны туралы хабарлаған. Содан кейін дереу эвакуациялау жұмысы жүргізілді.

Тәж-Махал кешенін полиция қоршауға алды. Қауіпсіздік күштері жарылғыш затты іздеп жатыр.