07:42, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
Жарылыстан БҰҰ-ның 4 бітімгері көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малиде болған жарылыстан БҰҰ-ның 4 бітімгері қаза тапты, деп хабарлады www.24.kz.

Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, бітімгерлер отырған машинада жарылғыш зат іске қосылған. Оқиғадан БҰҰ-ның көп құрылымды бітімгерлік күшінің құрамында болған Того елінің 4 азаматы қаза тапты. Олар Малидегі жағдайды бақылауға барған. Оқиға елдің орталық аймағындағы Мопти қаласында болған. Полицейлер бұл қайғылы жағдайды лаңкестік әрекет деп отыр. Бұл туралы ТАСС жазды.