Жарылыстар туралы ескертуден кейін Нью-Йорк көшелерінде полицейлердің қатары көбейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ислам мемлекеті» содырларының АҚШ пен Франция қалаларындағы метроларда жарылыстар жасауға дайындалып жатқаны туралы Ирак билігінің ескертуінен кейін Нью-Йорк қаласының губернаторы Эндрю Куомо қалада полицейлер саны артатынын хабарлады, деп жазады ВВС.
Оның айтуынша, Нью-Йорк тұрғындары енді көшеден полицейлерді жиі көруі мүмкін, бірақ олар қала тұрғындарына кедергі келтірмейді. Бұған дейін АҚШ билігінің арнайы өкілі Ирак тарапынан түскен ескертуге қатысты мәлімдеме жасап, ондай ақпаратты растайтын нақты дерек жоқтығын жеткізген. Бірақ, Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади содырлардың құпия жоспары туралы ақпаратты барлау қызметінен алғанын мәлімдеген болатын.