Жарыс кезінде тәттіден дәм татқан «Тур де Франс» көшбасшысына айыппұл салынды

АСТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат - «Тур де Франс» көпкүндік жарысының 18-ші кезеңі аяқталысымен Sky құрамасының өкілі британдық Крис Фрумға 20 секундқа айыппұл салынды.

Жарыс кезінде тәттіден дәм татқан «Тур де Франс» көшбасшысына айыппұл салынды

Төрешілердің бұл шешіміне тамақтану ережелерінің бұзылуы себеп болған. Мәре сызығына 5 шақырым қалған кезде осы кезеңде 7-ші нәтиже көрсеткен және жалпы есепте көшбасшылықты сақтаған Фрум энергетикалық батончиктен дәм татқан.

Талап бойынша мәре сызығына 20 шақырым қалғанда тамақ жеуге тыйым салынады.