Жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды және оны абыроймен өткіздік - Ақ Азиаданың төрт дүркін жеңімпазы О.Новикова

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Моральдық дайындық тұрғысынан 7-қысқы Азия ойындарындағы жеңіске жету оңай болған жоқ.
None
None

Себебі жүктелген жауапкершілік үлкен болды және бізден тек алтын медальдар күтілді. Бұл ойымен бүгін, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жүрек жарды құттықтауларын қабылдап, пәтер кілтін алған 7-Азия ойындарының төрт дүркін чемпионы Ольга Новикова бөлісті.

«Шынымды айтқанда, моральдық дайындық тұрғысынан жеңіске жету оңайға соққан жоқ. Себебі жүктелген жауапкершілік үлкен болды және бізден тек алтын медальдар күтілді. Бұл ойындарға төрт жыл бойы дайындалдық. Жарыс күндері ауа райы аздап кедергі жасады. Қар еріп жатты, бірақ оны басқа жақтан тасып, төсегендіктен жарыстар тоқтатылған жоқ. Тек қатты тұман болған күні биатлоншылардың жарысы кейінге шегерілді. Менің ойымша, жарыстар жоғары деңгейде ұйымдастырылды және оны абыроймен өткіздік», - деді жеңімпаз.

О.Новикова, жарыс алаңындағы мықты қарсыластары ретінде Қытай мен Оңтүстік Кореяның спортшыларын атап өтті. «Олар өте тәжірибелі. Бірінші күні Кузьмина жеңіліп қалып үшінші орынды, корейлік қыз екінші орынды иеленді. Сондықтан алғашқы күні күміс медаль кетіп қалғанына қынжылдық. Дегенмен, «алтын» қолымызда болды», - дейді ол.

Сондай-ақ Азия чемпионы, өз ата-анасы да спорттың бағдарлау түрімен айналысатындықтан, шаңғымен бағдарлаумен 10 жыл бойы, ал жазғы бағдарлаумен жастайынан шұғылданатынын айтты.

Қазақстан құрамасы жарыстарға дайындықтарын Қазақстан аумағынан бөлек, Болгария, Австрия, Ресей және басқа да шет елдерде өткізеді. Бірақ жас спортшының пікірінше, бүгінгі күні ел аумағынан шықпай жаттығуға барлық мүмкіндіктер жасалған.

Жеңімпаз осы жылғы наурыз айының соңында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайтын болады. Одан кейінгі жоспары - Олимпиада ойындарына қатысу.

Соңғы жаңалықтар