Жас актер Тұрар Дауылбеков « Жер сағаты 2010» акциясының ресми елшісі атанды

АСТАНА. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Жас актер Тұрар Дауылбеков «Жер сағаты 2010» акциясының ресми елшісі атанды,

Жас актер Тұрар Дауылбеков  « Жер сағаты 2010» акциясының  ресми елшісі атанды

деп хабарлады Дүниежүзілік Тұмса табиғат қорынан (WWF).

Танымал актер климаттың жаһандық өзгерісі проблемасына жастардың назарын аударып, қозғалысты жақтаушылардың қатарына оларды көбірек тартуға шақырды, деп атап көрсетіледі дүниежүзілік қордың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

«Жер сағаты» акциясы - Дүниежүзілік Тұмса табиғат қоры наурыздың соңғы сенбісі күні жыл сайын өткізетін және бұқара халықты бір сағатқа жарық пен электр жабдықтарын сөндіруге үндейтін шара. Биыл аталмыш акция наурыздың 27-сі күні жергілікті уақыт 20.30-да өтеді.

Акцияны өткізудегі мақсат - әлем жұртшылығының назарын климаттың жаһандық өзгеру проблемасына аудару және адамдарды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.

Қазірдің өзінде әлемнің 95 елінің 1 мыңнан астам қаласы бір сағатқа жарықты сөндіруге уәде беріп отыр және олардың қатары тұрақты өсіп келеді.