Жас актер Заңғар Әбенов «Останкино» Халықаралық кино фестивалінде үздік шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік қазақ музыкалық-драма театрының актері Заңғар Әбенов Мәскеуде өткен "Останкино" Халықаралық кино және телевидение фестивалінде "Үздік ер бейнесі" номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
З.Әбенов театрдың ең жас актері болып табылады. Халықаралық номинация оған режиссер Шерxан Қуаналидің "Фотограф" атты қысқаметражды фильміндегі рөлі үшін берілді.
«Өнердегі алғашқы қадамыңның xалықаралық деңгейде бағаланғаны сен үшін ғана емес, барша ұжым үшін үлкен жетістік деп білгейсің! Өнерде бағындырар белестерің биік болсын! Қуанышыңа ортақпыз!», - деп жазылған елордалық театрдың Инстаграмдағы ресми аккаунтында.