Жас ақын Алмас Темірбайдың «Автопортрет» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді

АСТАНА. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Алматы қаласындағы «Үш Қиян» баспасынан жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алмас Темірбайдың «Автопортрет» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бірқатар республикалық жыр сайыстарының жүлдесін иеленіп жүрген Алмас Темірбайдың жаңа кітабында соңғы жылдары жазылған жырлары жарияланған. Жыр жинағы «Алаң да алаң күн кештім», «Алуан да алуан мұң кештім», «Ағайын кетіп мен қалып» және «Алламен іштей тілдестім» деген төрт бөлімнен тұрады. Ақын тың ізденістерге барып, өлең өнерінің соны қырларын ашуға тырысқан. Жыр кітапқа оқырманның ойы мен сезіміне қозғау салар әсерлі, әрлі, өзіндік өрнегі бар өлеңдер енген.
Соңғы жаңалықтар