Жас ақынның тұңғыш жыр жинағы жарық көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Алматыдағы «Мерей» баспасынан жас ақын Алма Түсіпбекованың «Жанарымдағы жазулар» атты тұңғыш жыр жинағы жарық көрді.
None
None

Алманың жырлары республикалық мерзімді баспасөзде жиі жарияланып тұрады. Қазақ аруларына тән кішіпейілдігі, ел, ұлт, тіл, дін, тағы басқа да тақырыптар қозғалғанда өз мүддесінен елдікті жоғары қоятын азаматтық мінезі нәзік сезімге, өзгеше образға бай жырларынан көрініс тауып, әдемі үндесіп жатқанына жыр жинағын оқыған жыр сүйер оқырман сүйсінетіні шүбәсіз. Бұл сөзімізге ақынның: «Ақ жаулығым - анты боп адалдықтың, Ұмай болам, ұлтымды ұйыстырып» деген, жүрегін жарып шыққан жыр шумақтары дәлел болса керек.

«Жаныма жылы ағыстар», «Ақиқат алаңында», «Сезім иірімдері», «Жүректегі жазулар», «Арнау асуында» атты бөлімдерден тұратын жыр кітабында ақынның сыршыл сезімі, тұнық ойы, замандастар туралы пайымдары және аға толқынның асыл мінездерін сомдаған арнау өлеңдері көркем тілмен кескінделген.    

Соңғы жаңалықтар