Жас әнші Ернар Айдар авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяуда жас әнші Ернар Айдардың «Шайхана» атты жаңа әні жарық көрген еді. Жаңа ән жұртшылықтың көңілінен шығып үлгергені рас. Алайда әннің авторы Ернар Айдар рұқсатсыз орындағаны үшін ренжулі екенін айтты, деп жазады baistars.kz.

Жас әнші Ернар Айдар авторлық құқықты бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Көпшілікке «Dj Miran» есімімен таныс әнші әрі композитор сол әннің заңды түрдегі авторы екен. 2014 жылы «Dj Miran» «Қыздар-ай» деген атаумен шығарған бұл әнді 1 жылдан кейін автордың келісімінсіз «Шайхана» деп өзгертіп, Ернар Айдардың интернет желісіне таратуы ән авторының шамына тиген. Журналистерге ән авторы жақын арада Ернар Айдарды авторлық құқықты бұзғаны үшін сотқа беретінін айтты. Ернар Айдар бір ән үшін басы үлкен дауға қалуы мүмкін. Егер сот алдында автор өз құқығын дәлелдей алса, Ернар Айдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл төлеуі мүмкін.