Жас дипломаттың өмірі мен қызметі туралы кітап шықты
Кітаптың авторы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Талғат Жұмағұлов.
«Дипломат в сандалиях» жас дипломаттың өмірі мен жұмысы туралы әңгімелердің жинағы. Топтамада сыртқы істер органдарында жұмыс істейтіндердің басынан өткен қызықты оқиғалар баяндалады. Менің кітабымның сюжеті жалпы дипломатияның құпияларын толық ашпаса да, қатардағы форин-офис қызметкерінің қарапайым өмірін суреттейді. Басылымның екінші тарауында өмірінің басым бөлігін дипломатия саласына арнаған әкем Марат туралы жазылған»,- дейді Талғат Жұмағұлов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
Еске салсақ, 2017 жылғы 18 сәуірде Талғат Маратұлы Жұмағұлов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.
Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын аяқтаған. Әр жылдары Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Израильдегі Қазақстан Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болды.