Жас дзюдошыларымыз әлем чемпионатының алғашқы күні екі медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші күні отандастарымыз екі медаль жеңіп алды, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова (44 кг) күміске қол жеткізсе, Бауыржан Нарбаев (55 кг) қола медальға ие  болды. Әлем біріншілігінің бірінші күнінде Қазақстан ұлттық жастар құрамасы 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль саны бойынша 5-орынға жайғасты.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталған болатын. Әлемнің 83 елінен 600-ге жуық татами шеберлері сынға түсіп жатқан жылдың маңызды додасы қазанның 22-сіне дейін жалғасады. Бұл сында Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғап жатыр.

null 

Соңғы жаңалықтар