Жас елорданы жарқын болашақ күтеді - Вена дипломатиялық академиясы ректорының ізгі тілегі
ВЕНА. 6 шілде. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - Қазақстанның жас елордасын жарқын болашақ күтеді, біз Астана мен бүкіл қазақстандықтарға бейбітшілік пен гүлдену тілейміз! Австрияның сыртқы саясат жөніндегі бұрынғы Мемлекеттік хатшысы, Вена дипломатиялық академиясының ректоры Ханс Винклер ҚР елордасын осындай ізгі тілекпен құттықтады.
«Мен Қазақстанға әр жылдары үш рет сапар жасадым, және де Астанамен де таныстым. Қаланың озық сәулеті, достық пен ашықтық қасиеті әсер қалдырады», - деді ол 5 шілде күні ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Қазақстан мен Австрия арасындағы екіжақты қарым-қатынастың болашағы туралы айта келген Вена дипломатиялық академиясының ректоры гуманитарлық сала, соның ішінде ең алдымен, білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жоғарғы әлеуетін айта келе, мемлекеттерді және екі елдің де академиялық орталарын бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға назар аудартты.