Жас футболшылар Бразилияға оқуға кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің 2000 жылы туған жас футболшылары Бразилия Федеративті Республикасының «Крузейро» футбол клубының академиясына оқуға кетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Футболшылардың қасында екі жаттықтырушы бар. Олар жастардың оқуын қадағалап, жаттығуларына қатысып отырады. Жастар екінші семестрді оқып, екі жылдан кейін елге қайтып келеді. Академиядағы оқу Белу-Оризонти қаласында болады. Бұл - елімізден Оңтүстік Америка еліне оқуға кеткен жас футболшылардың үшінші толқыны. Алғаш рет жастарымыз 2009 жылы Бразилияға барып, «Оле Бразил» жобасы бойынша екі жыл теңбіл доп өнерімен сусындап қайтқан болатын.

Жас футболшыларды Бразилияға шығарып салу рәсімі Алматыда өтті. Онда Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейділда Байшақов, жастарды жаттықтырған маман Қайрат Биекенов пен жобаның кураторы Болат Жуасбаев сөз сөйлеп, Бразилияға аттанған футболшыларға сәт сапар тіледі.

Соңғы жаңалықтар