«Жас қанат-2015» республикалық конкурсының жеңімпазы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 24-ші «Жас қанат» республикалық конкурсының финалы өтті. Жас орындаушылардың додасында Көкшетау қаласының атынан қатысқан Ринат Теміржан жеңіске жетті. Ол сондай-ақ, бас жүлдемен қоса елорда әкімінің ақшалай сыйлығын да қанжығаға басты.

«Жас қанат-2015» республикалық конкурсының жеңімпазы анықталды

Екінші және үшінші орынды қарағандылық Лаура Айтбаева мен астаналық Сұлтан Ахмет иеленді.

Биыл 15 қатысушының финалға тек алтауы ғана жетті. Олар: астаналық Еркебұлан Тұрмахамбетов пен Сұлтан Ахмет; қарағандылық Лаура Айтбаева; Екібастұз қаласының атынан қатысушы Айбар Ашкеев; Степногор қаласының өнерпазы Владимир Новиков; сондай-ақ, көкшетаулық әрі осы конкурстың жеңімпазы болған Ринат Теміржандар еді.

Айта кетейік, конкурстың ұйымдастырушылары - «Хабар» агенттігі, Астана қаласының әкімдігі және «Азия дауысының» дирекциясы.