«Жас Қанат»: I турдың үздіктері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жас Қанат 2014» жастар ән байқауының I туры аяқталды, деп хабарлайды «Жас Қанат» баспасөз орталығы.
Сайысты бұрынғы қалыптасқан дәстүрге сай осы байқаудың 2012 жылғы жеңімпазы Нұрбол Балапанов ашты.
Біреулер үшін байқаудың алғашқы кезеңі сәтті болса,енді біреулер үшін басталған жерден тоқтады. Байқау қатысушылары топтарға бөлініп өнер көрсететіні белгілі.Сонымен әрбір топтың жеңімпаздары: 1) Батыржан Бағдат, Астана - 123 ұпай; 2) Нұрсұлтан Қарабалиев, Орал - 131 ұпай; 3)Әлия Әукенова, Семей - 135 ұпай; Эльдар Омаров, Астана - 135 ұпай. Осы тізімге Қызылордалық Шоқан Әбдіқан(126) мен Талдықорғандық Рухия Байдүкенованы(134) қоссақ, үздіктер қатары белгілі.
Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша «Жас Қанат 2014» байқауымен келесі қатысушылар қоштасты: 1) Нұржан Зулпыхаров, Арыс, ОҚО - 102 ұпай; 2) Мирзат Молдаханов, Кокшетау - 93 ұпай; 3) Меруерт Тойбекова, Караганды - 105 ұпай; 4) Айдар Хиттенов, Аягоз, ШҚО - 106 ұпай;
Жеребе бойынша II кезең қатысушыларының тізімі:
№ Қатысушы Қаласы 1. Данияр Жәутіков - Өскемен 2. «Хан Тенгри» дуэті - Талдыкорган 3. Әлия Әукенова - Семей 4. Эльдар Омаров - Астана 5. Еркебұлан Құмаров - Ақтобе 6. Рухия Байдүкенова - Талдыкорган 7. Шоқан Әбдіқан - Қызылорда 8. Айқын Мағауияулы - Ақтөбе облысы, Әйтеке Би 9. Батыржан Бағдат - Астана 10. Нұрсұлтан Қарабалиев - Орал