Жас каратэшілер АҚШ-тан 3 алтын, 6 күміс, 5 қола медальмен оралды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен үшінші халықаралық турнирге қатысып қайтқан жас каратэшілер елімізге олжалы оралды.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығы хабарлады.

Лас-Вегаста каратэ-до бойынша үш бірдей турнир өтті (Junior Chempionship, USA Open және Ozawa Cup). Халықаралық беделді жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен жас спортшылары қатысқан. Додада  жерлестеріміз 3 алтын, 6 күміс, 5 қола - жалпы 14 медаль жеңіп алды.

Атап айтатын болсақ, Junior Chempionship жарысында  Данил Кан жеңімпаз атанса, Әлішер Қабдоллаев пен Әлкей Ахметжанов екінші орынды, каратэнің ката түрінен Сержан Жаңбыршин қола жүлдені иеленді. «USA Open 2016»  бойынша Қайсар Куаныш, Сержан Жаңбыршин, Данил Кан командалық катадан күміс медальді алды. Осы сайыстың жекелей түрінде Данил Кан мен Әлкей Ахметжанов қола жүлдеге ие болды.

Ал «Ozawa Cup 2016» жарысында катадан өткен жекпе-жекте Сержан Жаңбыршин мен Әлкей Ахметжанов чемпион атанды. Сондай-ақ Даниил Кан мен Қайсар Куаныш үздік үштікті қорытындылады.

Спортшыларды бүгін таңғы сағат 06:15-те Астана әуежайына туған-туыстары, министрлік қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері күтіп алды.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар
telegram