14:14, 08 Мамыр 2017 | GMT +5
Жас каратистер Петропавл дәмханасында ішкен кешкі астан уланып қалды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Республикалық спорт жарысының қатысушылары Петропавлда дәмханалардың бірінде кешкі ас ішкеннен кейін ауруханадан бір-ақ шықты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысының м.а. Татьяна Горлованың ақпаратына сәйкес, СҚО-да кекушинкай каратэ бойынша ашық чемпионатына қатысып жатқан 11 сортшы (9 - 17 жас аралығындағы) өткір ішек инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті.
«Қазіргі уақытта департамент күші эпидемияға қарсы шара ұйымдастыруда», - деп хабарлады Татьяна Горлова.
Департаменттің баспасөз қызметінде мамандар азық-түліктен сынама алып, қазметкерлерді тексергенін атап өтті. Талдаудың алғашқы нәтижесі бес күннен кейін әзір болады.