Жас қазақстандық футболшылар Сербиядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

футбол
Фото: gov.kz

БЕЛГРАД. KAZINFORM - Шымкент қаласындағы «Ордабасы» ФК және «Оңтүстік» академиясының тәрбиеленушілері алғаш рет Dragan Mance Cup (Сербия) балаларға арналған футболдан халықаралық турнирге қатысты.

11-17 маусым аралығында өткен турнирге Еуропаның 16 елінен 288 команда барған. 

футбол
Фото: gov.kz

Қазақстанның Сербия Республикасындағы елшілігі мәлім еткендей, «Ордабасы» ФК академиясының футболшылары U12 жас санатында үшінші орын алды. Олар жартылай финалда Грециядан келген командадан жеңілді. Жас қазақстандық спортшылар үшін Белград бойынша танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар Сербия футболының флагмандары мен еурокубоктардың тұрақты қатысушылары – «Црвена Звезда» ФК мен «Партизан» ФК стадиондарына барды. 

футбол
Фото: gov.kz

Жыл сайын Сербия астанасы Белград әйгілі сербиялық футболшыны, Партизан ФК мен Югославия құрамасы Драган Манзені еске алуға арналған Dragan Mance Cup халықаралық турнирінде Еуропаның түкпір-түкпірінен жас футболшыларды қабылдайды. Биыл қазақстандық командалардың жарысқа қатысуы сербиялық футбол функционерлері Владимир Рыбич пен Горан Станоевичтің белсенді спорттық дипломатиясының арқасында мүмкін болды.

Соңғы жаңалықтар
telegram