Жас мамандарды қабылдау барысында жұмыс берушілер үшін тәуекелді төмендету шаралары болса игі - А. Перуашев

АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Жас мамандарды қабылдау барысында жұмыс берушілер үшін тәуекелді төмендету шаралары болса игі.
None
None

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысына арналған дөңгелек үстелде Мәжіліс депутаты Азат Перуашев айтты.

«Бір жағынан алғанда бізде білікті маман тапшы, ал екінші жағынан оқуын жаңа бітірген азаматтар жұмысқа орналаса алмай сабылып жүр. Мәселен, училище мен колледжден соң түлектерді станоктардың, жабдықтардың маңына жуытпайды. Жұмыс берушілер әлгіндей жас маман қымбат жабдық пен қондырғыны құртады, бүлдіреді деп қорқады. Ал Еуроодақтың тәжірибесіне келсек, егер ондай қондырғы бүлінген жағдайда жұмысшының жауапкершілігін мемлекеттік сақтандыру арқылы қолдау шаралары қарастырылады», - дейді Азат Перуашев.

Оның пайымынша, бұл жұмыс берушілер үшін аса маңызды дүние. Бұдан бөлек, депутат жаңа мамандарды жұмысқа алу барысындағы сынақ мерзімінде олардың еңбекақысын субсидиялау мәселесін де тілге тиек етті. «Бұл шаралардың басым бөлігі дамыған елдерде қолданылып келеді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар